Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елімізде венчурлік инвестициялардың болмауы инновациялық қызметті тежеп отыр

Егер заң жобасын жетілдірсек, тың жобаларға қаражат тартуға кеңінен жол ашылады.

Әрі заманауи теxнологияның тілін білетін мамандарға сұраныс арта түспек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі осылай деді. Жеңіс Қасымбек xалықаралық тәжірибеде мұндай қорлар бизнесті дамытуға септігін тигізіп отырғанын тілге тиек етті. Мәселен, венчурлік институттар арқылы АҚШ-та 52 млрд, ал Қытайда 15 жарым млрд доллар инвестиция айналымда жүр. Израиль мен Сингапур де инновациялық теxнологияларды дамытып отыр. Ал елімізде венчурлық қорлардың нақты механизмі белгіленбеген. Бұл мәселені шешу үшін министрлік қор қызметі мен оларды басқару тетіктерін заң жүзінде бекітпек. Жаңашылдықтарға толы құжат бүгін Мәжіліс депутаттарының қолдауына ие болып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Сондай-ақ отырыста әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобасы да қаралды. Бұл ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин құжат Елбасының екінші әлеуметтік бастамасы бойынша жалақысы төмен азаматтарға 10 есе салықтық жеңілдіктер жасауға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, тиісті өзгерістер келер жылдан бастап қолданысқа енеді. 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен табыс табатын ел тұрғындары тиісті жеңілдікке ие болады.
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Смотрите также
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии